Армения президенті отставкаға кетті

Жарияланды
Армен Саркисян: Бұл дұрыс шешім

Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

Оның айтуынша, бұл ойланып қабылданған шешім.

«Мен өте ұзақ ойландым және төрт жылға жуық белсенді жұмыстан кейін Армения президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл мүлдем эмоционалды шешім емес және белгілі бір логикадан туындайды», – деді Саркисян мәлімдемесінде.

Ол «Ел мен ұлт үшін қазіргі күрделі кезеңде ішкі және сыртқы саясаттың іргелі үдерістеріне әсер ету үшін президентте қажетті құралдар жоқ» деп атап өтті.

Еске салайық, Саркисян Армения парламентінің президенті болып 2018 жылдың наурыз айының басында сайланған болатын.

Армения парламенттік басқару түріне көшкен жаңа Конституцияға сәйкес президент жеті жылдық мерзімге сайланады.

Сондай-ақ оқыңыз