ДДСҰ: Oмикрон Еуропадағы пандемияны тоқтатуы мүмкін

Жарияланды
Еуропадағы омикрон өршу кезеңі өткеннен кейін біраз уақытқа жаһандық иммунитет болады

Коронавирустың омикрондық штаммы Еуропадағы COVID пандемиясын тоқтатуы мүмкін,  дейді 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Ханс Клюге. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 «Еуропа індеттің қандай да бір соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін», – деді Клюге.

Еуропадағы омикрон ауруларының өршу кезеңі өткеннен кейін біраз уақытқа жаһандық иммунитет болады, деді аймақтық директор.
 
Клюгенің айтуынша, ол инфекциялардың немесе вакциналардың әсерінен, сондай-ақ маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.

Клюге сонымен қатар бұл аурулардың эндемиялық екенін, олардың динамикасын болжауға болатынын атап өтті.

 «Бұл вирус бізді бірнеше рет таң қалдырды, сондықтан біз өте сақ болуымыз керек», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз