Инвестиция

Kursiv-10 және Kursiv-G38 индексі: құлдыраудан басталған жыл

Эмитенттердің негізгі корпоративтік жаңалықтары

Үш аптадан бері KASE тізімі мен Kursiv-10 индексіне кірген 10 эмитенттің позициясы төмендеп келеді. Индекс мәні 1 241,09-дан (27.12.2021 сауда күн қорытындысы бойынша) 1 140,62-тармаққа дейін (19.01.2022 ж.15:00-дегі жағдай бойынша) кеміді.

Қаңтардың басындағы жағдайдан кейін барлық қазақстандық  эмитенттердің акциясы арзандады: Халық банкі (-21,6%), «Қазатомөнеркәсіп» (-7,7%), «ҚазТрансОйл» (-3,6%), «Қазақтелеком» (-2,7%), Kcell (-1,7%), Банк ЦентрКредит (-1,0%)  мен KEGOC (-0,7%).

4-полоса-индекс-10-1-копия.jpg

KASE тізіміне енген және  Kursiv-10 индексіндегі үш ресейлік эмитент акциялары да теріс динамика көрсетті: Yandex N. V. (-14,2%), Сбербанк (-13,2%) және ВТБ Банкі (-10,7%). Бағалы қағаздар құны Ресей мен батыс елдері арасындағы геосаяси шиеленіс салдарынан құлдырады. 18 қаңтарда Мәскеу қоры индексі 3%-ға төмендеді.

Осы кезеңде KASE Global секторында ұсынылған және Kursiv-G38 индексіне кірген 38 эмитент позициясы, керісінше, нығайған. Индекст мәні 524,48-ден (сауда күні қорытындысы бойынша) 527,73-тармаққа дейін (19.01.2022 ж.15:00-дегі жағдай бойынша) өсті.

4-полоса-индекс-38-1-копия.jpg

Global секторындағы үздік үштік – Exxon Mobil Corporation (+17,6%), Ford Motor Company (+16,7) және The Boeing Company (+12,3%).  Ал Moderna (-19,6%), Netflix (-15,4%) және Advanced Micro Devices (-13,4%) аутсайдерлер қатарынан көрінді. 

Индекстегі қазақстандық компаниялардың негізгі корпоративтік оқиғалары 

Халық банкі

19 қаңтарда  Қазақстан қор биржасы қаржы институты акционерлері тізімінің көшірмесін ұсынды. «Алмэкс» холдингі банк акцияларының 69,52%-ын, Bank of New York 28,69%-ын иеленеді.

KEGOC

KEGOC 2021 жылғы 30 желтоқсанда Директорлар кеңесінің 24 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қарж орталығының» 100% үлесін мемлекет меншігіне берді.

«Қазақтелеком»

Ұлттық телекоммуникациялық компания 2021 жылғы 27 қаңтар күні KZTKb4 облигациялары бойынша 4,6 млрд теңге көлемінде бесінші купондық сыйақысын төледі. Шығарылым көлемі – 120 млрд теңге, ағымдағы мөлшерлеме – 11,5%, бір қағаздың номиналдық құны –1 мың теңге.

«ҚазТрансОйл»

Ұлттық компанияның бас директоры қызметін атқарған Димаш Досанов өз еркімен жұмыстан кетті. Оның орнына уақытша Сәбит Арынов тағайындалды. Сәбит Арынов компанияда 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын «ҚазТрансОйл» Батыс филиалы, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері лауазымынан бастаған. 2018 жылдан компания Басқармасының құрамына кірген.

Банк ЦентрКредит

ccbnb32 облигациясын ұстаушыларға 2,3 млрд теңге сомасындағы 6 купондық сыйақы төленді. Шығарылым көлемі – 70 млрд теңге, ағымдағы мөлшерлеме – 10,95%, бір қағаздың номиналдық құны – 100 теңге.