Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 21 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,1%-ға (434,84 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 435,1 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
ҚХР Орталық банкі экономиканы ынталандыру және жылжымайтын мүлік нарығындағы құлдырау белгілері аясында кредиттеуге байланысты шиеленісті жою үшін барынша кең құралдар жиынтығын пайдалануға дайын екендігі туралы белгі бере отырып, 2020 жылғы сәуірден бастап алғаш рет мөлшерлемені 2,85%-ға дейін 10 базалық тармаққа төмендетті. АҚШ ФРЖ-ның іс-қимылына қатысты белгісіздік салдарынан тәуекелі бар активтерге, оның ішінде АҚШ қор индекстеріне қысым жасалуда.
Дамушы елдерде валютаның АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
Оңтүстік Африка ранды таргеттелетін дәліз ішінде инфляцияның сақталуына (желтоқсанда 5,9%) байланысты бейрезиденттердің ОАР МБҚ-ға қызығушылығы аясында 1,9%-ға (15,39-дан 15,1-ге дейін) нығайды;
Бразилия реалы шикізат (оның ішінде темір) бағасының әлемдік өсуі, сондай-ақ алдағы президенттік сайлаудың көшбасшысы мен құқыққа бағытталған партия өкілдері арасындағы ықтимал саяси одақтың бірқалыпты саясат орнату ықтималдығын күту аясында 1,4%-ға (5,53-тен 5,45-ке дейін) нығайды;
түрік лирасы Орталық банктің негізгі мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтауы аясында 0,6%-ға (13,53-тен 13,45-ке дейін) нығайды;
Индонезия рупиясы Орталық банктің ақша-кредит саясатын «қалпына келтіруді» бастауға дайын екендігі туралы алғашқы белгілерінің аясында 0,3%-ға (14 296-дан 14 336-ға дейін) әлсіреді;
үнді рупиясы мұнай баға белгілеулерінің өсуі аясында 0,4%-ға (74,15-тен 74,43-ке дейін) әлсіреді;
Мексика песосы технологиялық акциялардың құлдырауынан орын алған АҚШ қор нарығындағы теріс серпін аясында 0,8%-ға (20,31-ден 20,47-ге дейін) әлсіреді;
Ресей рублі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Э. Блинкен мен РФ СІМ басшысы С. Лавров арасындағы келіссөздерге қарамастан, геосаяси тәуекелдердің сақталуы аясында 1,6%-ға (76,48-ден 77,73-ке дейін) әлсіреді.