Омикронның жасырын симптомдары қандай?
Дәрігерлер «омикрон» штамының «дельтаға» тән емес белгілерін атады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы Telegram каналы хабарлады.
COVID-19-дың негізгі белгілері – жөтел, иіс сезу жоғалуы және жоғары температура.
Алайда, омикронмен ауыратындар басқа белгілер туралы айтуы мүмкін. Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі жаңа штамның жасырын белгілерінің бірі қатты әлсіздік және тез шаршау, ауырсыну мен бұлшықеттің ауыруы деп атады.
Сонымен қатар, “омикрон» әсерінен адам тәбетін жоғалтып, бас айналуын сезінуі мүмкін. Төртінші «жасырын» симптомды мамандар іштің ауыруы, диарея және жүрек айну деп атады. Бұл белгілер көбінесе омикронмен ауруханаларға түсетіндерде байқалады.