Новости

Денсаулық сақтау министрі кез-келген тұрғынның сұрағына жауап береді

100 күн 100 сұрақ жобасы іске қосылды

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша  бүкіл күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өз телеграм каналында ақпарат таратты. 

​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн – 100 сұрақ» бірлескен  жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын:

100dnei100voprosov@mail.kz
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link https://www.facebook.com/MinzdravRK