Қыр астында қысқы Олимпиада. Төртжылдық додасынан қандай үміт күтеміз?

Жарияланды
Ел құрамасы ойындарға толық дайын

Ақпанның 4-20 аралығында күллі әлем Бейжіңге көз тігеді. Ақ қар, көк мұзда олжа салуды жөн санайтын спортшылар ХХІV қысқы Олимпиада ойындарының көрігін қыздырмақ. Қазақстан құрамасы да төрт жылда бір айналып соғатын байрақты бәсекеге сақадай-сай. Ел спортшылары 8 спорт түрінен 87 лицензия жеңіп алды.  

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, барлық спортшылар Олимпиадаға жеңіс үшін аттанады. Десе де фристайл могулдан үмітіміз зор дейді. 

«Фристайл могулдан 6 спортшының бәрі ШҚО өкілі, ең басты үмітіміз осы спорт түрі. Бүгінде спортшылар бірнеше топқа бөлініп, дайындалып жатыр. Бірінші топ Еуропада, олардың сол жақтан тікелей Бейжіңге бару мәселесі қарастырылып жатыр. Шорт-трек пен коньки тебушілер Нұр-Сұлтан қаласында, фристайл, қысқы көп сайыстан спортшылар Алматыда Бабл жүйесімен дайындалуда. Спортшылардың барлығы коронавирусқа қарсы екпе алды. Ұлттық құрама команда 27 қаңтарда чатерлік рейспен Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ұшады, сол жақтан басқа спортшылармен бірге Бейжің қаласына аттанады. Онда 4 күн карантинде болып, жарыстарға дайындала бастайды» деді вице министр. 

Ойындар үш спорт кластерінде өтеді – Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу. Ойынның мұндай тұжырымдамасын Халықаралық Олимпиада комитеті алғаш рет қабылдады. Әлемнің 95 елінен 4000-нан астам спортшы қатысады, олар 109 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиадалық команда құрамында 34 спортшы өнер көрсетеді, олардың 87 лицензиясы бар. Айтпақшы, келер аптада лицензия қатары тағы да толығуы мүмкін. 

«Айта кетейік, биатлоннан спортшылар саны мен Пхенчханмен салыстырғанда лицензиялар саны екі есеге жуық аз. 2018 жылы Кореяда 10 спортшы және 21 дисциплина болды. Қалған лицензиялар: шорт-трек – 9, фристайл-могул – 6, фристайл акробатика – 4, трамплиннен шаңғымен секіру – 4, тау шаңғысы спорты – 3, шаңғы қоссайысы – 2. Олимпиадалық квоталарды халықаралық федерациялардың қайта үлестіруінің арқасында жақында екі лицензия қосылғанын айтқан болатынбыз, сондықтан қазір соңғы біліктіліктерімізді жабамыз. Қазіргі уақытта барлық спортшылар дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде: карантиндік аймақтарға орналасқан, олардың екеуі Қазақстанда, үшеуі шетелде. Шымбұлақ базасында Чжанцзякоу трассасына ұқсас трасса жасалды. Спортшылар мен жаттықтырушылардан жақсы фидбэктер бар, бұл біздің спортшыларымызға жолға бейімделуге және қиындықтарды түсінуге көмектеседі деп ойлаймыз» деді ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков. 

Оның айтуынша, олимпиадашыларды КВИ-ден қорғау үшін тек спортшылар мен жаттықтырушылар ғана емес, барлық қызметкерлер карантинге алынды. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді, жағдайға талдау жасайды және спортшылармен байланыста болады. 

Андрей Крюковтың айтуынша, шаңғы жарысына екі ер адам және бес әйел қатысады. Олар үлкен эстафетадан басқа әртүрлі дисциплиналарда сайысқа түседі.

«Өкінішке орай, өткен жаттығу мен жарыс маусымында команда карантиндік шектеулерге байланысты өнер көрсеткен жоқ, тек Германияда өткен әлем чемпионатына ғана қатысты. Осы маусымда бар күш-жігерімізді салып, жеті лицензия жеңіп алдық. Биатлоннан тәжірибесі бар Галина Вишневская, Александр Мухин Владислав Киреев, могулистер – Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхард, Павел Колмаков бағын сынайды. Барлық спортшылар өте танымал және жеке таныстыруды қажет етпейді. Бұл Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы басты үмітіміз. Бір қызығы, бүкіл команда қазақстандық могулшылар үшін даму орталығына айналған Өскемен қаласынан. Командада қиындықтар болды, өкінішке орай, бір спортшы, визаның болмауына және ұйымдастырушылардың логистикалық проблемаларына байланысты лицензияға қол жеткізе алмады. Жалпы, команда өте қиын іріктеуден өтті, бүгінгі таңда нәтижелері жақсы деуге болады. Олимпиада ойындары қарсаңында фристайл акробатикасында команда көшбасшысы Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева және Шерзод Әшірбаев 4 квота алды. Коньки тебушілер арасында Халықаралық федерация бүгінгі таңда 12 лицензияны растады. Осы маусымда команда әлем кубоктарына, барлық кезеңдерге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Кейбір спортшылар Олимпиадалық жарысқа бірнеше қашықтық бойынша қатысады» деді ҰОК өкілі.  

Айта кетейік, шорт-тректен Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова айдынға шығады. Шаңғы спортында екі дисциплинада – слалом және алып слаломда Захар Кучин, әйелдер арасында Александра Троицкая өнер көрсетеді. Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Сергей Ткаченко, Данил Васильев, Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысына қатысады.

Ал Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында тәжірибелі әрі талантты спортшылар Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова ту көтеріп шығады. Токио Олимпиадасындағыдай ашылу салтанатына бірегей костюмдер дайындалып жатыр. 

«Тарихта алғаш рет қазақстандық команда ел атауы қазақ тілінде жаңа орфографияда: қазақ тілінде латын қарпімен жазылған киімде өнер көрсетеді. Ол үшін біз ХОК-тың арнайы рұқсатын алдық. Жазу еліміздің Мемлекеттік елтаңбасындағы жазуға ұқсас. Бұл өте жақсы фидбэк. Спортшылар да, спортқа немқұрайлы қарамайтын жандар да мұны өте жақсы қабылдады. Мамандардың пікірінше, бұл команданың рухын көтереді, олар мұны зор ықыласпен қабылдады деді»  спикер.

Сондай-ақ оқыңыз