Питер Гриффитстің өкілеттігі тоқтатылады
Жарияланды
Оның өкілеттігі 7 ақпаннан бастап тоқтатылады
2021 жылғы 7 желтоқсанда өз еркімен берген өтінішіне сәйкес 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры лауазымындағы өкілеттігі тоқтатылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының міндетін Линда Орлэди уақытша атқарады.
Гриффитс 2019 жылдың тамыз айынан бері Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры қызметін атқарды.