Арзан отын дәуірі аяқталып келеді

Жарияланды
Үкімет қолға алған шаралар тек уақытша әсер етеді

Қазақстанда арзан энергия, арзан отын дәуірі аяқталып келеді. Үкімет қолға алған шаралар тек уақытша, үстірт әсер етіп, тек баға қымбаттайтын уақытты сәл кейінге шегерді. 

Жақында жаңарған Қазақстан үкіметі қабылдаған  алғашқы қаулының бірі – газ бен жанар-жағармай бағасын 180 күн (яғни 2022 жылдың шілдесіне дейін) өсірмей ұстап тұру болды.  Автогаз бағасы 50-75 теңге аралығында бекітілді. 

Алайда бұл шекті баға ел аумағында жаппай наразылыққа себеп болған отын – сұйытылған газға ғана қатысты емес, осы 180 күн жанар-жағармай: Аи-80 – 89 теңге/литр, АИ-92  – 182 теңге, Аи-95  – 215 теңге, сондай-ақ дизель отыны 230-260 теңгеден аспауы тиіс. Коммуналдық қызмет тарифтері, соның ішінде электр энергиясы мен табиғи газ  бағасы 180 күн өспейді. 

Үкімет ТМД аясында нарықтық баға белгілеу механизмінен бір жылға бас тартты. 

Энергетика министрінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ пен электронды сауда алаңдарының басшылары және «Маңғыстау облысында бағаны негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалар» ұсталып, қамауда отыр. ҚР Энергетика министрлігі биыл «ашықтық қағидаты мен бағаның күрт өсуін шектейтін тетіктерді енгізуді ескере отырып, ЭСА/тауар биржалары арқылы сұйытылған газ саудасын одан әрі жетілдіру» шараларын әзірлеуі тиіс.

Бір жағынан үкіметтің қазіргі саясаты түсінікті де – шекті бағаны енгізу тұтынушылық инфляцияны төмендетіп, халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуы тиіс. Алайда, одан кейін үкімет бүкіл эгергия саласында нарықтық бағаны қайта енгізуге мәжбүр болады. Ал ол өз кезегінде қазір бағасы реттеліп отырған тауарлар құнының қымбаттауына әкеп соғады. 

Әсіресе сұйытылған мұнай газының бағасы қатты шарықтауы мүмкін. Өйткені шекаралас РФ мен Қырғызстандағы бағамен салыстырсақ, айырмашылық екі есе екенін байқаймыз. Қазақстанда 1 литр газдың бағасы 17 цент болса, Қырғызстанда  – 47 цент, Ресейде – 41 цент.
Қазақстан мен көршілес елдерде жанар-жағармай бағасындағы айырмашылық та 50 пайызға жетіп қалған.  

Дизель отыны сегментінде 20-25% айырмашылық байқалады. Қазақстанда  табиғи газ бен электр энергиясы қарапайым тұтынушылар үшін көрші елдермен салыстырғанда, шамамен 50%-ға арзан. 

Мұндай жағдайды қажетті ресурсың асып-тасып жатса ғана қолдап отыруға болады. Сондықтан еліміздің энергия саласында түйткілді мәселелер туындауы мүмкін. 

Қазақстанның көрші елдермен шекарасы ашық болуына байланысты, арзан отын көрші елдерге ағып жатқаны жағдайды ушықтырып тұр.  

Қазіргі кезде ТМД нарығындағы баға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы есебінен, бензин мен дизель отынының бағасы – өндіруші компаниялардың отандық МӨЗ-ге шикізатты нарықтық бағадан төмен жеткізу жөніндегі міндеттемелері есебінен субсидияланып отыр. ҚР-да табиғи газдың бөлшек сауда бағасы QazaqGaz ұлттық компаниясы экспорттық жеткізілімдері есебінен субсидияланады. 

Ал халық тұтынатын электр энергиясының арзан болуы  – тоғыспалы субсидиялау (яғни кәсіпорындар жеке тұтынушыларға қарағанда артық төлейді),  көмірден көптен энергия алу нәтижесі. Ал көмір электр станцияларын жаңғыртуды соңғы 4-5 жылда белгілеген тариф шектеп отыр, оларға инвестиция тарту жылдан-жылға қиындап келеді. 

Кво-мәртебесін сақтап қалуға қажет ресурс елімізде өте аз. Сондықтан үкіметке экономиканы энергетикалық субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тарту жоспары қажет. Бұл жоспарда нарықтық бағаға көшерде қолдауды қажет ететін ел пен кәсіпорындар ескерілуі тиіс. Егер Қазақстан осы ауыр, бірақ аса қажет қадамды бүгін жасамаса, бірнеше жылдан кейін бағаны амалсыз, халықтың қалтасына салмақ салып, кейбір кәсіпорындар үшін қиын жағдайда көтеруіне тура келеді. 

Сондай-ақ оқыңыз