Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Нұрсұлтан Назарбаевпен келісу қажеттілігін жоюды ұсынады.
Сондай-ақ, депутаттар «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделеді.
Сенат депутаттары өз түзетулерін ұсынуына байланысты заң жобасы Мәжілістің қайта қарауына қайтарылды.
Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарайтын болады. Заң жобасы мақұлданса, президентке қол қоюға жіберіледі.