Қырғызстанда мектеп директоры оқушының аяғын сындырды

Жарияланды
Сот барысы басталды

Қырғыстанда No83 мектептің директоры Умиджон Исаков сегізінші сынып оқушысымен болған жағдайдан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады.

Білім мекемесінің басшысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қосымша жұмыс істеген. Ол оқушының аяғын сындырған. Оқушының ата-анасы полицияға арызданған.

Сот барысында Умиджон Исаков баланы ұрмағанын, доппен абайсызда соғып кеткенін айтты. Алайда куәгерлер мұғалімнің сегізінші сынып оқушысын әдейі ұрғанын алға тартады.

 

Сондай-ақ оқыңыз