Алматы облысында ерлі-зайыптылар қаржы пирамидасын құрған
Жарияланды
Оларға 125 жәбірленушіден арыз түскен
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е.Кизбаев пен Ж.Өмірбаеваны ұстады. Бұл туралы ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.
Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және ҚР басқа өңірлерінде «Елімай 2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді, тергеу жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.