Новости

Австрияда коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация енгізілді

Екпе алмағандар үшін айыппұл 600 еуроға дейін болады

1 ақпаннан бастап Австрия барлық ересектерден коронавирусқа қарсы вакцина алуды талап ете бастайды, деп жазады Associated Press.

Осылайша, Австрия Еуропадағы міндетті вакцинациясы бар бірінші ел болды.Қазіргі уақытта екі құрамдас бөлікті де ел тұрғындарының 75,4%-ы алды.

1ақпаннан бастап әрбір үй жаңа ережелер туралы жазбаша хабарлама алады. Наурыз айының ортасынан бастап полицейлер ел тұрғындарының екпе алу жағдайын тексере бастайды. Вакцинацияның дәлелі болмаса, ереже бұзушы 600 еуроға дейін айыппұл төлейді.