ҚР Мәжілісі парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін өз еркімен босату негізінде мерзімінен бұрын тоқтатты. Нұрлан Нығматулин депутаттар алдында сөз сөйлеп, кадр құрамын жаңарту қажеттігін баса айтып, жұмысын қорытындылады.
Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нығматулин өз қызметі туралы айта келіп, «бұл әрбір заңнамалық шешім еліміздің одан әрі дамуын алдын ала белгілейтін өте қарбалас, жауапты кезең болды» деді.
Сондай-ақ ол тұңғыш президентке, қазіргі мемлекет басшысына алғысын білдірді. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, жұмыс барысында заң жобаларын талқылау кезінде конструктивті диалог орнатуға мүмкіндік туды.
БАҚ өкілдеріне өзара іс-қимылдары үшін алғыс айта отырып, Нұрлан Нығматулин депутаттардың заң шығару қызметін жариялаудың, сондай-ақ көптеген өзекті мәселелерді шешуге ықпал еткен материалдардың жариялануының белсенді және объективті сипатын ерекше атап өтті.