Әзірбайжан әуе компаниясы Ақтауға рейстерді қалпына келтіреді

Жарияланды
Рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады

2022 жылдың 18 ақпанынан бастап «Азербайджан Хава Йоллары» А319 типті ұшағымен аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) жиілігімен Ақтау мен Баку арасында тұрақты рейстерді қалпына келтіреді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

ОАО ұшулар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын қосты.

 «Бұл бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризмді және іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз