Италияда екпеден бас тартқандарға айыппұл салады

Жарияланды
Бұл 50 жастан асқан адамдарға қатысты

Италия үкіметі 50 жастан асқан адамдарды екпеден бас тартқаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Вакцинация сертификаты жоқ адамдар 100 еуро айыппұл төлеуі керек. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап 50 жастан асқан барлық итальяндықтар жұмысқа тұру үшін толық вакцинациядан өткені туралы сертификат немесе коронавирусқа қарсы антиденелердің бар екендігі туралы анықтама беруі керек.

Вакцинацияланған итальяндықтар вакцинаның күшейткіш дозасын алмаса, олардың сертификаты тоғыз айдан алты айға дейін қысқарады. Дегенмен, үкімет эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын да атап өтті.

 «Біз абай болуымыз керек, бірақ біз COVID-ке қарсы күрестің жаңа кезеңін жоспарлауды бастай аламыз», – деді Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза.

Бұған дейін итальяндық ғалымдар коронавирустың омикрон-2 деп аталатын жаңа түрін анықтағаны белгілі болды. 

 

Сондай-ақ оқыңыз