Санкт-Петербург тұрғыны 18-ші қабаттан он жасар оқушы қыздың үстіне құлап, көз жұмды. Оқушының аяғы сынып ауруханаға түсті, деп хабарлады РИА Новостиге құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
«Приморск ауданында 46 жастағы ер адам 18-ші қабаттағы балконнан он жасар қыздың үстіне құлап кетті. Ол қайтыс болды. Балаға алдын ала «аяғы сынған» деген диагноз қойылды. Ол ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.