Тоқаев Байбекке «Нұр Отан» партиясындағы қызметі үшін алғыс айтты

Жарияланды
Бұған дейін мемлекет басшысы партия құрылымын өзгерту қажеттігін айтқан болатын

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ретіндегі көп жылғы қызметі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

28 қаңтарда өткен партияның кезектен тыс съезінде бұл қызметте Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы болды. Содан кейін Тоқаев ұйымдық құрылымды қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. «Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына жауапты хатшы, сондай-ақ тиісті саладағы басқа да хатшылар қызметі қарастырылсын», – деді ол.

1 ақпанда партияның баспасөз қызметі «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің жаңаруы туралы хабарлады. Оған Бауыржан Байбек кірген жоқ. Десе де, партия төрағасының бірінші орынбасары болып тізімде тұр. Бұл туралы ұйымның сайтында айтылған.

Бауыржан Байбек 1974 жылы дүниеге келген. Оның үш жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық. Осы жылдары Алматы қаласының әкімі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президент хаттамасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз