Қазатомөнеркәсіптің экс-басшысы Ұлттық банк төрағасы болды

Жарияланды
Еліміздің орталық банкін енді Ғалымжан Пірматов басқарады

Еліміздің орталық банкін енді Ғалымжан Пірматов басқарады. Бұған дейін ҰБ төрағасы болған Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметіне ауысқан еді. Сенат депуттары Ғ.Пірматовтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған. 

Ғалымжан Олжайұлы Пірматов 1972 жылы туған. Новосібір мемлекеттік университетін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша математик.

«Қазақстан халық банкі» АҚ-да қызмет етті. «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ал 2015-2017 жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

2018-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыз