Конго базарында электр сымы үзіліп, 26 адам қаза тапты
Жарияланды
Кабельдің үзілуіне найзағай соғуы себеп болған
Киншасадағы (Конго Демократиялық Республикасының астанасы) базардағы электр сымының үзілуі мен құлауы 26 адамның өмірін қиды. Бұл туралы BBC жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға қаланың шетінде болғаны хабарланды. Жоғары вольтты кабель үзіліп, базар мен іргелес үйлердің үстіне құлаған. Ең сорақысы, жуырда жауған жаңбырдан кейін көшедегі арықтарға су толды. Зардап шеккендердің көпшілігінің өліміне қысқа тұйықталу себеп болды.
«Кабель үзіліп, оның ұшы таңғы жаңбырдан кейін су толтырылған шұңқырға құлап кетті», – деді Киншаса провинциясы үкіметінің өкілі Чарльз.
Полицияның мәліметінше, кабельдің үзілуіне найзағай соғуы себеп болған. Бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқандардың көпшілігі саудагер әйелдер екенін нақтылады.