Өзбекстанда TikTok-ты толығымен бұғаттау ұсынылды

Жарияланды
Бұл ұсынысты «Адолат» социал-демократиялық партиясы алға тартты

Өзбекстанның «Адолат» («Әділет») социал-демократиялық партиясы елде TikTok әлеуметтік желісін толығымен бұғаттауды ұсынды.Бұл туралы Іnterfax.ru сайты хабарлады.

 «Қылмыстық жауапкершілік шараларын күшейту керек, Интернеттегі TikTok сияқты пайдасынан гөрі зияны көп мобильді қосымшаларды толығымен бұғаттау керек», – делінген  «Адолат» сайтында жарияланған партия мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ол бүкіл ел бойынша шектеулерге қарамастан, TikTok пайдаланушылары әлеуметтік желіге VPN қолданбалары арқылы қол жеткізе алатынын атап өтеді.

Бұған дейін «Миллий Тикланиш» (Ұлттық жаңғыру) демократиялық партиясының жетекшісі Әлішер Қадыров елде TikTok-ты бұғаттау туралы ұсыныс жасаған болатын.

2021 жылдың шілдесінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев TikTok желісіндегі видеороликтерді қолбасшы Әмір Тимур мен ақын Әлішер Науаидың тарихи ескерткіштерін қорлағаны үшін сынға алған.

Сондай-ақ оқыңыз