Талибан содырларға қару-жарақпен ойын-сауық саябақтарына кіруге тыйым салды

Жарияланды

«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) содырларды қоғамдық тәртіп ережелерін бұзбауға және ойын-сауық саябақтарына қару-жарақпен немесе әскери киіммен келмеуге шақырды. Бұл туралы ақпарат және мәдениет вице-министрі Забихулла Муджахид әлеуметтік желіде мәлімдеді,-деп хабарлады lenta.ru сайты.

 «Ислам Әмірлігінің [Ауғанстан] моджахедтеріне қару-жарақпен немесе әскери киіммен ойын-сауық саябақтарына кіруге тыйым салынады (…). Олардан ойын-сауық саябақтарының барлық ережелерін сақтау талап етіледі», – деді ол.

Тиісті тыйым Кабул саябақтарының бірінде түсірілген кадрлар желіде пайда болғаннан кейін жарты жылға жуық уақыттан кейін жарияланды. Олар автодромда талибтердің карусельдер мен көліктерге қалай мініп жүргенін көрсетеді. Мұндай жағдай Ауғанстан астанасын алғаннан кейін орын алды.

 

Сондай-ақ оқыңыз