Банкрот басқарушы 50 миллион теңге пара алған
Жарияланды
Ол компания басшыларынан 100 млн теңге мөлшерінде қомақты ақша бопсалаған
Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті компанияның банкроттықты басқарушысы бас директордан және коммерциялық ұйымның құрылтайшысынан дебиторлар тізіліміне енгізу үшін 100 млн теңге мөлшерінде қомақты ақша қаражатын бопсалағанын анықтады. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті алдын ала келісілген соманың жартысын ЖШС-ның бас директоры мен құрылтайшысынан 50 млн теңге алған кезде ұсталды.
Қостанай қаласының Тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Коммерциялық параға сатып алу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.