Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары басталды

Жарияланды
Ашылу салтанаты Қазақстанда көрсетіледі

Жұма күні, 4 ақпанда, Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан трансляция басталады.

Төрт отандық телеарна – Хабар, Qazaqstan, Qazsport және Elarna тікелей эфирде көрсетеді. 

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары кезеңінде қазақстандық телеарналар 220-дан астам хабар таратады деп күтілуде.

Жанкүйерлер жарыстарды телеарналардың ресми сайттарынан, мобильді қосымшалардан, сондай-ақ ресми YouTube арналарынан көре алады.

4 ақпанда Qazsport телеарнасында:

10.00 – әйелдер командалары арасындағы Ресей – Швейцария хоккей матчы (тікелей трансляция)

12.30 – мәнерлеп сырғанаудан жарыс.

«Хабар» телеарнасында:

11.30 – керлингтен жарыс (тікелей эфир).

Сондай-ақ оқыңыз