«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы түсті?
Қазіргі кезде «Қазақстан халқына» қорына 113,4 млрд теңге түскен. Бұл – 16 қаңтар мен 2 ақпаy аралығында түскен қаражат. Қор баспасөз қызметі ақша аударған компаниялар мен жеке тұлғалардың тізімін жариялады.
«Қазақстан халқына» қоры құрылатынын мемлекет басшысы 11 қаңтарда айтқан еді.
«Бұл президент немесе үкіметтің қоры болмайды, бұл – халық қоры, қазақстандықтардың қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді. Беделді бақылаушы кеңес құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады» деген еді мемлекет басшысы.
Қор мақсаты – мемлекет қамтамасыз етпейтін бағыттар бойынша әлеуметтік саладағы проблемаларды шешу. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады. Мысалы, сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек көрсетіледі.
Президент ірі кәсіпкерлермен өткен кездесуде бизнесті осындай міндеттерді шешу үшін арнайы құрылған қорға тұрақты түрде ақша аудару арқылы көмектесуге шақырды.
Қор басшылығына Болат Жәмішев тағайындалған.