Былтыр 31 мың адам қаржы пирамидасына алданған

Жарияланды (жаңартылды )
Олар қаржы пирамидаларына 50 млрд теңге салып жіберген

2021 жылдың басынан бері қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 50 миллиард теңгеден астам қаржы салған, деп хабарлады ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Былтыр  31 мың азамат қаржы пирамиларының құрбаны болды.

ІІМ мәліметінше, сотқа жіберілетін істердің саны да артқан. Мәселен, сотқа 2021 жылы – 213, ал 2020 жылы – 149 қылмыстық іс жіберілді. 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, олардың 38-і сотталып, қалғандарына қатысты сот жүріп жатыр.

Әділов алаяқтардың көбеюін экономикалық белсенділіктің өсуі, сондай-ақ халықтың инвестицияға қызығушылық таныта бастауымен байланысты екенін атап өтті.

Бұған дейін «Курсив» қаржы алаяқтығының заманауи түрлері шығып жатқанын жазған еді. 
 

Сондай-ақ оқыңыз