Parmigiano Group негізін қалаушыға қарсы тергеу аяқталды
Жарияланды
Іс тараптарға жіберілді, кейін сотқа жолданады
Parmigiano Group компаниясының негізін қалаушы және иесі Алмас Әбдіғаппаровтың үстінен тергеу жүргізілді, деп жазады Zakon.kz Алматы қалалық ДП-ға сілтеме жасап.
Іс тараптардың қарауына берілді, одан кейін сотқа жолданады.
Алмас Әбдіғаппаров 2021 жылы шілдеде Алматыдағы Esentai City кешеніндегі вилланы сатудан түскен 420 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, Әбдіғаппаров сатып алушыдан ақша алғанымен, сатушының кассасына ақшаның жартысы ғана түскен.
Әбдіғаппаровқа қатысты іс бизнесмендер татуласып кеткенімен, «AV Construction» ЖШС директорының арызы бойынша қозғалған.