RG Brands өзінің 1 865 466 акциясын немесе жалпы акцияның 54%-ын сатты. Мәміле акционерлік қоғам мен RG Brands Holding Limited арасында жасалған. Бұл туралы 7 ақпанда KASE-де жарияланған құжатта айтылады.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша RG Brands жай акцияларының 95,75%-ы қазақстандық кәсіпкер Қайрат Мәжібаевқа тиесілі.
KASE мәліметінше, компания акцияларының жалпы нарықтық құны 31,7 млрд теңгені (73,33 млн доллар) құрайды. 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша RG Brands жарғылық капиталы 1,02 млрд теңгені, таза кірісі 9,65 млрд теңгені құрады.
RG Brands – 1994 жылы танымал халықаралық брендтердің импорттық тұтыну тауарларының дистрибьюторы ретінде өз жұмысын бастаған сусындар компаниясы. Компанияның танымал брендтері – Piala шайы, Да-Да шырыны, Солнечный нектар, ASU минералды суы.