Новости

14 ақпаннан бүкіл оқушы мектепке барып оқиды

Бүгін ВАК осындай шешім шығарды

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК толыққанды офлайн оқу форматына көшу мәселесі қарастырылды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына ауысады, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі. 

Естеріңізге салайық, алдыңғы ВАК отырысының нәтижесі бойынша 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап 600 балаға дейін оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн оқу форматына ауысты. 600-ден астам оқушысы бар мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ офлайн форматта өткізілді. Мектепте оқушылар жалпы санының 50%-ынан асырылған жоқ. 

5-11 сынып оқушыларына қатысты мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың балаларды дәстүрлі форматта оқыту туралы өтініштерін ескеру ұсынылды.