Өткен жылдың шілде айында skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасы (бұдан әрі – Платформа) іске қосылған сәттен бастап 7,4 мыңнан астам азамат, оның ішінде 5,4 мың жұмыссыз курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 13,4 мың қазақстандық тіркелді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.
Бұл ретте 5,4 мың жұмыссыз азаматтың 2,3 мыңы – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарының жастары.
Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыттар бойынша 100-ден астам курстар жарияланды, олардың 58-і – тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
2021 жылы «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Кассир», «Выращивание клубники от А до Я» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі дайындалу технологиясы» курстары сұранысқа ие болды
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында біз тіркелген 649 пайдаланушы мен сертификат алған 110 білім алушыны алдық. Сонымен қатар, жұмыссыз адамдарды мемлекеттік қолдау аясында осы жылы біз 20 мың адамды онлайн режимде кәсіби оқытумен қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді «ЕРДО» АҚ президенті Дәулет Арғандықов.
skills.enbek.kz платформасы жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған.