Осы жылы 340 ұлттық стандартты енгізу жоспарланып отыр

Жарияланды

Бұл жоспарды стратегиялық мақсаттар мен ұлттық стандарттауды дамытуды ескере отырып, ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарты қалыптастырды. Шағын және орта бизнестің өнімділігін, еңбек сапасын, тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге және қауіпсіздендіруге қабілетті инновациялық құралдар әзірленетін болады.

Биыл менеджмент, өрт қауіпсіздігі, органикалық және Халал өнімдер, туристік сала, терминология, экология, цифрландыру және т. б. салаларда 340 стандарт енгізу жоспарланған.

Жоспар келесі бағыттар бойынша бөлінген:

– Президент Жолдауын, ұлттық жобаларды және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру – 127 стандарт;

– Техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру – 136 стандарт;

– Негізге алынатын стандарттар-77 стандарт.
 

Сондай-ақ оқыңыз