«Самұрық-Қазына» қоры штатты қысқартудан 100 миллиард теңге үнемдеуді жоспарлап отыр
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев портфельдік компаниялардағы қызметкерлер санын қысқартудан жыл соңына дейін 100 миллиард теңге экономикалық тиімділік күтеді.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Сәтқалиев Қордың корпоративтік орталығындағы қызметкерлердің саны қазірдің өзінде екі есеге – 248-ден 124 адамға және басшылық лауазымдар саны оннан беске, құрылымдық бөлімшелер 27-ден 18-ге қысқарғанын айтты. Нәтижесінде экономикалық тиімділік 2,3 млрд теңгені құрады.
Жыл соңына дейін портфельдік компанияларға корпоративтік орталықтардың санын екі есеге – 2 786-дан 1 393 адамға, әкімшілік-басқару персоналындағы шетелдік мамандарды – екі есеге – 47-ден 24-ке, директорлар кеңесіндегі шетелдік мүшелерге 23-тен 14-ке дейін қысқарту ұсынылады. Оның айтуынша, мұндай қысқартудың экономикалық тиімділігі 100 млрд теңгені құрайды.