“Сенде дуа бар”: Қызылордада “емші” тұрғындарды алдауда

Жарияланды
Алаяқтың келтірген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды

 Қызылорда қаласында  өзін емшімін деп таныстырған әйел тұрғынның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Азаматшаның айтуынша, бейтаныс әйел оны көрген сәттен «сенде дуа бар, емдеп берейін» деп сеніміне кіріп, оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған.

 Күдіктінің келтірген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа күдікті ретінде Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыз