Жүк жөнелтушілердің көмір тасымалдау жөніндегі өтінімдері толық көлемде орындалуда

Жарияланды
Қаңтар айында 10,3 млн.тоннадан астам көмір тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар айында теміржол көлігімен 10,3 млн.тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсім 5% құрады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша қазақстандық тұтынушылар үшін 7,3 млн.тоннасы жеткізілді. Жоспар 105% орындалды. Қатты отын экспорты 23% өсіп, 3 млн.тоннаға жетті.

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді (астық және көмір) тасымалдау жіті бақылауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен күн сайын ірі коммуналдық-тұрмыстық көмір жөнелтушілер («Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Tranco Nura» ЖШС, «ВостокУгольПром» ЖШС) және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізіледі.

Компанияда көмір тасымалдау бойынша жедел штаб, ал жол бөлімшелерінде – жедел топтар бар, олар жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз етуді бақылайды, ЖЭО және ГРЭС қоймаларында қатты отын қорының қалдықтарын мониторингілейді. Жүк жөнелтушілер мәлімделген көлемдерге сәйкес вагондармен қамтамасыз етіледі.

Теміржолшылар жылыту маусымына сәтті дайындық тек тасымалдаушыға ғана емес, тасымалдау процесіне қатысушылардың үйлесімді күш-жігеріне де байланысты екенін еске салады.

 

Сондай-ақ оқыңыз