Жаңалықтар

Ғалымдар ВИЧ-тың аса қауіпті түрін анықтады

Фото:shutterstock

Адамның иммун тапшылығы вирусының (ВИЧ) жұқпалы және қауіпті штаммы Нидерландыда бұрын белгілі барлық нұсқаларға қарағанда тез таралуда. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтары ЮНЭЙДС-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оксфорд университетінің мамандарының зерттеуіне сәйкес, бұл штамммен ауыратын адамдарда вирустық жүктеме басқа науқастарға қарағанда екі есе жоғары, ал СПИД екі-үш есе жылдам дамиды. B деп аталатын қауіпті штамм Нидерландыда бірнеше жылдан бері таралуда және бақытымызға орай, қолданыстағы емдеу әдістеріне қолайлы.

Жаңа ақпаратқа байланысты БҰҰ әлемде ВИЧ індетінің жалғасып жатқанын және әрбір минут сайын осы инфекциядан біреу қайтыс болатынын еске салады. Ғалымдар әрқашан адамның иммун тапшылығы вирусының жаңа, неғұрлым жұқпалы және қауіпті нұсқаларының пайда болу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді. Нидерландыда анықталған штамм, сарапшылардың пікірінше, халықтың денсаулығына ерекше қауіп төндірмейді. Соған қарамастан, оны анықтау бізге жаңа мутациялардың пайда болуына жол бермеу үшін ВИЧ пандемиясын тоқтату қажеттілігін еске салады.