Депутат валюталық интервенциялар туралы мәліметтерді күн сайын жариялауды ұсынды
Тиісті өтінішпен ол Ұлттық банк басшысына жүгінді
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық банк валюталық интервенциялар, оның ішінде шетел валютасын сатып алу-сату бойынша мәліметтерді күнделікті жариялай бастауы керек деп есептейді. Тиісті сауалмен ол 9 ақпанда палатаның жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов пен ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Елимановқа жүгінді.
Депутаттың айтуынша, Ұлттық банк пен АФМ «валюта нарығындағы алыпсатарлықты тоқтату» шараларын әзірлеуі керек, ал АФМ соңғы үш айдағы валюталық интервенцияларды, оның ішінде шетел валютасын сату-сатып алуды талдауы керек.
Жамалов соңғы үш айда валюталық сауда-саттық көлемі 10 млрд долларды құрағанын атап өтті.Сонымен бірге, оның айтуынша, сауда-саттықтың басым бөлігі Ұлттық банктің қатысуымен жүргізілген.