Владимир Жириновский жасанды тыныс алу аппаратына қосылды

Жарияланды

Бұған дейін ол коронавируспен ауруханаға түскен

Ресей либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бұл туралы кейбір ресейлік БАҚ хабарлады, деп жазады РИА Новости.

РБК дереккөзі саясаткердің жағдайы ауыр екенін айтты.

Бұған дейін РИА Новости ақпарат көзі 75 жастағы саясаткердің президент әкімшілігінің орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғаны туралы айтқан болатын. Мекеменің өзі түсініктеме беруден бас тартты.

Кейінірек БАҚ Жириновскийде COVID-19 омикрондық штаммы болғанын хабарлады. Бұған дейін саясаткердің коронавирусқа қарсы сегіз екпе жасағаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз