Қырғызстанда ерлер үшін дағдарыс орталығын ашуды ұсынып отыр

Жарияланды

Елде мәжбүрлі еңбек құрбандарын қорғау тетігін әзірлеуді ұсынды

Фото:shymkenttv.kz

Қырғызстанда қиын өмірлік жағдайға тап болған ерлер үшін дағдарыс орталығын ашу ұсынылуда. Бұл туралы Омбудсмен институтымен бірлесе отырып, Сокулук аймағындағы баланы ұрып-соғу жағдайына баға берген «Бала құқықтарын қорғаушылар лигасы» ҚҚ өкілдері хабарлады,-деп жазды 24.kg сайты.

Еріксіз қанауға ұшыраған адамдар мен балаларды анықтау мақсатында барлық кәсіпорындар мен шаруашылықтарды бақылау жүргізілмек.

Бұған дейін жұмыс беруші Александр Самаркин баланың әкесі Николай Камалетдиновты жүйелі түрде ұрып-соққаны белгілі болды. Ер адам оның алдында қарызы болғандықтан қорқытуға шыдаған.

Белсенділер бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, материалдық шығынды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы өтінішпен Мемлекеттік еңбек инспекциясына немесе сотқа жүгіну құқығымен мәжбүрлі еңбек құрбандарын қорғау тетігін әзірлеуді ұсынып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз