Алаяқ мүгедек адамның атына екі несие рәсімдеген

Жарияланды

Ол жәбірленушіге 340 мың теңге шығын келтірген

Қарағанды қаласында алаяқ мүгедек адамның атына екі несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 36 жастағы І-топтағы мүгедек санатында есепте тұрған қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушіге бірнеше күн бұрын үйіне қажетті заттарын әкеліп беретін бір көмекші пайда болған. Кейін жаңадан танысқан азамат одан шұғыл қоңырау жасау үшін ұялы телефонын сұрап алған.

Осы сәтте қаскөй жәбірленушінің ұялы телефонындағы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы 340 мың теңгеге екі тауарды несиеге рәсімдеп жібергені белгілі болды.

 Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды.Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз