Coca-Cola тоқсан сайынғы таза кірісін 66%-ға арттырды
Жарияланды
Бұл көрсеткіш күткен нәтижеден асып түсті
Әлемдегі ең ірі алкогольсіз сусындар өндіруші американдық Coca-Cola төртінші тоқсанда таза кірісін 66%-ға арттырды. Бұл көрсеткіш күткен нәтижеден асып түсті. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.
Coca-Cola табысы соңғы тоқсанда Солтүстік Америкада 17%-ға, Латын Америкасында 2%-ға және EMEA аймағында (Еуропа, Таяу Шығыс, Африка) 15%-ға өсті. Бұл ретте Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сауда көлемі 6%-ға төмендеді.
Сату көлемі нақты 9%-ға өсті.
Газдалған сусындарды сату 8%-ға, шырындарды, сүтті және өсімдік тектес сусындарды сату 11%-ға өсті. Су, спорттық сусындар, кофе мен шай сату 12%-ға өсті.