Жаңалықтар

Ханзада Чарльз қайтадан коронавирус жұқтырды

2020 жылы да  ол індет жұқтырған

Фото:stan.kz

Ханзада Чарльзға  коронавирус жұқтырды. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.

Індет жұқтырған 73 жастағы ханзада Чарльз өзін-өзі оқшаулады.

Бұл Чарльз хандазаға коронавирус бірінші рет қойылып отырған жоқ.

Ол 2020 жылдың наурыз айында  індет жұқтырған. Оның әйелі Корнуолл герцогинясы Камилла да коронавирусқа тестілеуден өткен, ол теріс болып шықты. Содан кейін ерлі-зайыптылар Шотландиядағы Балморал сарайында оқшауланды.

2021 жылдың ақпан айында ханзада Чарльз мен оның әйелі коронавирусқа қарсы екпе алғаны хабарланды.