Ұлттық банк ең табысты инвестициялық құралдарды атады

Жарияланды
Бас банк түрлі депозит, валюта, алтын мен акциялардың кірістілігін салыстырған

Ұлттық банк 2021 жылы 10 мың теңгені түрлі қаржы құралдарына инвестицияласа, қандай құрал ең жоғары кіріс әкелер еді деген талдау жасапты. Егер тауар-шикізат нарығындағы баға қымбаттап, компания рейтингі жоғарыласа, онда қазақстандық компания акцияларына салынған инвестиция 37,4% деңгейінде ең жоғары кіріс әкелер еді, деп жазады ҰБ.

Теңгелей жинақ депозитінің жоғары сыйақы мөлшерлемесі 14,00%-дық тартымды кіріс әкелген. Ең жоғары кірісті және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, ақшаны долларлық салымдарға орналастырсақ, ол 3,63%-дық кіріс әкелер еді,, бұл теңгелей жинақ депозитінің кірістілігінен 3,9 есе аз.

Рубльдегі салымдар 3,15% кірістілік әкелген, бұл теңгелей жинақ депозитінің кірістілігінен 4,4 есе аз. Ресейден тауарлар импортының өсуі аясында теңге Ресей рубліне қатысты 2021 жылы 5,65-тен 5,77-ге дейін әлсіреді. Олардан кейін номиналды кірістілік деңгейі бойынша қолма-қол АҚШ долларындағы және Ресей рубліндегі жинақтар орын алады, олардың кірістілігі бағамдық өзгерістер есебінен тиісінше 2,61% және 2,12% болар еді.

Алтынға салынған ақша (-)1,67% мөлшерінде теріс кірістілік әкелді, өйткені вакцина әзірленуіне және жаппай вакцинациялаудың іске асырылуына байланысты жаһандық өсу перспективаларының белгісіздік деңгейінің төмендеуі аясында бағалы метал құны 2021 жылы бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді. Алтын инфляциядан хеджирлеу ретінде инвестициялық тартымдылықты қайтара алмады, керісінше акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс өсті.

ҚР ЕДБ-дегі ең жоғары мөлшерлемені және бағамдық өзгерісті ескере отырып, салымдарды еуродағы депозитте сақтау теңгенің еуроға қатысты 516,13-тен 487,79-ға дейін нығаюына байланысты (-)4,55%, қолма-қол еурода – (-)5,49% деңгейінде теріс кірістілік әкелді. Еуро серпіні АҚШ ФРЖ-ға қарағанда EОБ-ның мейлінше жұмсарту бағытымен және өңірдегі іскерлік белсенділікке теріс әсер еткен энергетикалық дағдарыспен айқындалып отырды.

Сондай-ақ оқыңыз