Жаңалықтар

ҚР сот орындаушылары тәртіп бұзушылардан 9 трлн теңге өндірді

Бұл сома бір жылда 30 пайызға өсті

2021 жылы сот орындаушыларының өндірісінде жалпы сомасы 9 трлн теңгеден астам 6 760 642 құжат болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Бұл туралы алқа отырысында Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы 300 млрд теңгеге жуық сомаға 2 349 166 құжат толық көлемде орындалған. Сондай-ақ, 2224 борышкер жұмысқа орналастырылды, 2020 жылы – 1559.