Тұрғын үй кезегіне egov.kz арқылы қалай тұруға болады?

Жарияланды
Енді бұл қызмет электронды түрде қолжетімді

Бұдан былай елімізде тұрғын үй кезегіне egov.kz – электронды үкімет порталы арқылы тұру қызметі қолжетімді. Мұны электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат істей алады. Осы ретте оқырман назарына аталған қызметтің жүзеге асырылу реттілігін ұсынамыз.

Ең бірінші қадам – egov.kz порталына кіру. Кіргеннен кейін «Жылжымайтын мүлік» қызметін таңдап, содан соң «емлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметін таңдау қажет. Сосын «Онлайн сұрауды» басасыз.

Одан әрі қарай сіздің алдыңызда екі қызмет түрі шығады:

• Бірі – Кезекке қою;
• Екіншісі – Кезекте тұрғандар туралы мәліметті өзгерту;
Сізге «Кезекке қоюды» таңдаған жөн.

«Бұдан әрі» дегенді басыпсыз, екінші қадамға өтесіз. Ол жерде өзіңіз туралы мәліметтерді толтырасыз:

• Аймақ;
• Аудан;
• Санат;
• Астындағы санат;
• Негіз;
• Телефон нөмірі;
• Электрондық почта;
• Бірге тұратын отбасы мүшелері туралы мәліметтер (ЖСН, туыстық дәрежесі туралы ақпарат)
• Қосымша ақпарат.

Содан кейін «деректерді толтыруды аяқтауды» басасыз.
Одан әрі қарай «Ұйымдастырушылық-құқықтық форма», «БИН/ИП ұйым», «Жұмысқа орналасқан уақыты» және «Қызметі» (қызметтен бөлек барлық бағандардың толтырылуы міндетті) бөлімдерін толтырып шығасыз.

Еске салайық, «Жұмыс орны» бөлімін «бюджеттік ұйымның жұмысшысы» «мемлекеттік қызметкер» ретінде тұрғын үй кезегіне тұрғысы келетін өтініш беруші ғана толтырады.

Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Өтініш толтырылып, жіберілді. Өтініш мәртебесін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен қарап отыруға болады. Өтінішті тұрғын үй басқармасы 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, тұрғын үй кезегіне тұрған-тұрмағаныңызды СМС арқылы телефоныңызға жібереді.

Осылайша, бұдан былай тұрғын үй кезегіне тұру тек egov.kz арқылы жүзеге асырылады және дәстүрлі түрде өтініштер қабылданбайды.

Азаматтардың қандай категориясы тұрғын үй кезегіне тұра алады?

  • Мүгедектер және екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары;
  • Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары;
  • Көпбалалы отбасылар;
  • Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым жұмысшылары, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
  • Жалғыз баспанасы Қазақстан Республикасының заңымен төтенше жағдайда деп мойындалған азамат.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына кімдер жатады?

  • Мүгедектікке және екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілген азаматтар;
  • Мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Кейбір созылмалы ауру түрімен ауыратын азаматтар;
  • Жасы жеткен зейнеткерлер;
  • Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Көпбалалы отбасылар;
  • Толық емес отбасылар;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • Оралмандар;
  • Табиғи және техногенді төтенше жағдай кезінде, экологиялық апат салдарынан баспанасынан айырылған азаматтар;
  • Мемлекеттік міндетін орындау кезінде қаза тапқан азаматтар отбасы.

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

  • Egov.kz порталы арқылы электронды түрде.

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қандай құжат қажет?

  • Тек қана ЭЦҚ.

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегіне тұру үшін 3 жылдан кем емес мерзімдегі тұрғылықты есепте болуы талап етіледі.

Сарапшылар алда үй бағасы түсуі мүмкін деген болжам айтады. Себебі, БЖЗҚ-дағы артық ақшаны пайдалану мүмкіндігі 1 сәуірде аяқталады. Яғни, дәл былтырғыдай ажиотаж болмайды нарықта. Сарапшы Лев Тетиннің айтуынша, елде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанына қарамастан халықтың сатып алу қабілеті тым төмен.

Тек соңғы 6 жылдың өзінде Алматыда үй бағасы 200 пайызға өсіп кетті. Шаршы метріне 620 мың теңгеге дейін жетті. Нұр-Сұлтанда баспана бағасы 150 пайызға артып, шаршы метрі 440 мың теңгені құрады. Меніңше, біз қазір қымбатшылық пен сұраныстың ең биік кезеңінде тұрмыз. 2022 жылы шаршы метр құны 15-20 пайызға төмендеуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз