Бұл 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш
2022 жылдың сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының бағасы Нұр-Сұлтан уақытымен 06:04-те 1,73%-ға өсіп, барреліне 96,07 долларды құрады.
Investing.com мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:08-де Brent маркалы мұнайдың бағасы қазірдің өзінде 1,47%-ға өсіп, барреліне 95,83 долларды құрады.
Соңғы рет Brent мұнайы 2014 жылдың қазан айында барреліне 96 доллардан асты.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:34-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстік келісімшартының бағасы 0,68%-ға өсіп, 95,7 долларды құрады. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының наурыз фьючерстері де 1,57%-ға өсіп, 94,56 долларды құрады.