ТЖД алматылықтардың тауға шығудан бас тартуын сұрайды
Жарияланды
Тауға шыққанда сақталатын қауіпсіздік ережелері қандай
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды және таулы аймақтарда жаяу серуендеуге бармауды ұсынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылды ескерту кезінде ауа райының қолайлы болуын күтіп, таулы аймаққа серуендеуді кейінге қалдырған дұрыс.
Ұсақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз абзал. Қарқынды және айтарлықтай жауын-шашын кезінде аласа таулы аймақта көшкін көріністері болуы мүмкін.
- Егер сіз қазірдің өзінде тауда болсаңыз, абай болыңыз және ауа-райының өзгеруіне назар аударыңыз.
- Таулардың беткейлерінде қардың ығысуын, қардан түйіршіктерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, қар көшкіні болуы мүмкін екенін көрсетеді.
- Үйге қайтуды кешке кешіктірмеңіз, қайту жолын таппай қалуыңыз мүмкін.
- Сөмкеде мыналар болуы керек: жылы киім, күтпеген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қобдиша және GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз шықпаңыз!
- Туыстарыңыз бен достарыңызға тау бағыты мен мүмкін болатын жер туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі хабарлау өте маңызды.