ДДҰ COVID-19 емдеуге арналған тағы бір препаратты мақұлдады
Жарияланды
Бұл індетпен күресу үшін ДДҰ бекіткен алтыншы дәрі
ДДҰ COVID-19 емдеуге арналған тағы бір препаратты мақұлдады. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтары хабарлайды.
Ұйым моноклоналды антиденелерге жататын тоцилизумабты коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге ұсынылатын препараттардың тізіміне қосқаны атап өтілді. Бұл COVID-19-мен күресу үшін ДДҰ бекіткен алтыншы дәрі.
« Стандартты емдеу режимімен салыстырғанда, бұл препараттарды ауыр жағдайдағы науқастарға енгізу өлім ықтималдығын 13 пайызға төмендетуі мүмкін», – деп атап өтті БҰҰ жаңалықтары.
Зерттеулерге сәйкес, ішілік тоцилизумаб ауыр жағдайларда тиімді және мұндай науқастарды оттегімен, кортикостероидтармен және басқа да дәрі-дәрмектермен емдеу үшін ұсынылады.