Осы мақсатта әзірленген цифрлық платформа 15 наурызда тестілік режимде іске қосылады
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдау 5 сәуірде басталады деп жоспарланған, деп хабарлады Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
Спикер субсидия алуға құқығы барлар тіркеле алатын арнайы платформа 15 наурызда тестілік режимде жұмыс істейтінін айтты.
Платформа ЭСҚ арқылы өтінім беруді және өтініш берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді қамтиды. Тексеру МСҚХАЖ, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Білім және ғылым министрлігі, ЕХӘҚМ мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.