Жаңалықтар

Екі айда Қазақстаннан 32 мыңнан астам адам кеткен

Қазақстандықтар ТМД елдерінде тұру үшін кетіп жатыр

2021 жылдың желтоқсанында және 2022 жылдың қаңтарында Қазақстаннан 32 209 адам кеткен, 10 982 адам келген. Көші-қон сальдосы -21227 адамды құрады. Мұндай мәліметтерді еліміздің Ұлттық статистикалық бюросы келтіріп отыр.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан аумағына қоныс аударушылардың саны 10,5%-ға азайды. Өңіраралық қозғалыстар бойынша халық көші-қонының оң сальдосы төрт облыста қалыптасты: Нұр-Сұлтан (31 906 адам), Алматы (29 253 адам), Шымкент (9 774 адам) және Маңғыстау облысында (239 адам).