Жаңалықтар

Коронавирус: бір тәуліктер 1508 адам вирус жұқтырған

Алматы қаласында 580 адамнан КВИ анықталған

Қазақстанда өткен тәулікте 1 508 адам коронавирус жұқтырған. Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 293 901 жетті.

16 ақпандағы мәлімет бойынша 45 328 адам коронавирус инфекциясынан (44 171 КВИ+ және 1 157 КВИ-) емделіп жатыр , олардың ішінде:

  • 6 191 пациент стационарда,
  • 39 137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 308 адамның жағдайы ауыр,
  • 133 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда вакцинаның I компонентін 9 315 067 адам салдырса, II компонентін 8 894 995 адам алған.